
М.Маметова атындағы №13 ЖОББ мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айының 7 күні 7 “А”, “Б “ сыныптарында «Жасөспірім және зиянды заттар зардабы» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Оқушылар зиянды заттар туралы білімдерін кеңейтіп,
өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамытады, өз денсаулығының бағалы байлық екенін түсінеді.Соның ішінде нашақорлыққа жол жоқ тақырыбында дебат жүргізді.
Сынып жетекшілер: Жоракызы Д. Қараталова Ф.