17
наурыз
2025
Анасы қашанда қызына: «Қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шашбауың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді» – деп тәрбиелеген.
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, Ұлттық мұрамызды ұлықтау мақсатында, қазақтың ұмыт болып бара жатқан дәстүрінің бірі – шашбау тағу рәсімі өткізілді. «Қызға қырық үйден тыю» деп, қыз баланың тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған ата-бабамыз қызына таққан әшекейінің де мән-маңызына ерекше көңіл бөлген. Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле кигізіп, құлағына сырға тағуы, саусағына сақина, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Ал осы қымбат әшекей бұйымдарды тағудың өзіндік қатаң қағидасы бар.Шашбау – өрілген бұрымның ұшын бекітетін сәндік бұйым. Ол күміс тиын, маржан қадалған бауы бар күйінде кездеседі. Шашбауды күмістен қақтап жасайды және түрлі-түсті асыл тастарды орнатады. Моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы бауы бар түрлері де жиі тараған. Ол жасалған материалына байланысты алтын шашбау немесе күміс шашбау деп аталады.Кеудесіне өңіржиек, шашына шашбау таққан қыздың мойны құрықтай болып өскен, бойын тік ұстаған, дене бітіміне көңіл бөлген. Анасы қашанда қызына: «Қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шашбауың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді» – деп тәрбиелеген.
https://www.facebook.com/reel/505366249118184
https://www.facebook.com/reel/505366249118184