
«Наурызнама» тұжырымдамасы бойынша 16 наурыз – Шаңырақ күні.

Бұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Сондай-ақ қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

Шаңыраққа ерекше маңыз беріп, Шаңырақ күнінің аталып өтуі бекерден-бекер емес. Себебі мұның астарында бауырмалдық, адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ең бастысы кейінгі жастарды ұлттық рухани құндылығымызды құрметтеуге үйрету секілді үлкен мән жатыр.
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде отбасы құндылығы негізінде Уулхан әжеміздің немерелеріне айтқан ғибратты әңгімесін және Шындаулет атамыздың балаларына берген ақ батасын ұсынамыз.
https://www.facebook.com/share/v/1F85S9XHNu/