
Түнгі рейдтік іс шаралар жүргізілді.

Ағымдағы жылдың наурыз айының 13 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында кешкі мезгілде балалардың мешітке тараух намазына заңды өкілінсіз бармауына жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, түнгі мезгілде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың, қараусыз-қадағалаусыздықтың алдын алу мақсатында барлық дүкендерге, көшелерге рейд жұмыстары жүргізілді.