Ағымдағы жылдың ақпан айының 15 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне 36 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға Отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс-шараға Тәтті ауылының Ауған соғысы ардагерлері Атибеков Ауез Сайлауұлы және Шарипов Хафиз Седімарұлы қатысты.