
“Robotek Grand Tournament” республикалық
турнирінде жеңімпаз атанды.

Білім алушыларымыз роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа инновациялық технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында “Robotek Grand Tournament” республикалық турнирдің облыстық кезеңіне М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып білім алушылары құраған «Мерген» санаты бойынша Нышан Данияр, Есенбай Медет І орынды иеленіп, 25000 тг көлемінде сертификатпен және дипломдармен марапатталып , республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшілері информатика пәні мұғалімдері Зорықбаева Алия, Құлмағанбетова Ботагөз.