
Ағымдағы жылдың қараша айының 30 күні “Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионаттың
аудандық біріншілігі өтті.

Білім алушылардың роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, басқа инновациялық технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында “Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионаттың аудандық біріншілігінде М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып білім алушылары Раймқұл Айбар мен Айжарық Елжан ІІ дәрежелі дипломмен, жетекшісі Құлмағамбетова Ботагөз, 11 сынып білім алушылары Нышан Данияр мен Есенбай Медет І дәрежелі дипломмен, жетекшісі Зорықбаева Алия. Қатысушы топтар «Мерген», «Сұрыптаушы робот», санаттары бойынша қатысты.

“Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионаттың аудандық біріншілігінде барлық санаттар бойынша жеңімпаз топтар облыстық кезеңге жолдама алды.
Все реакции:15Ербол Сейдалиев, Гульшат Разакова и ещё 13