
Ағымдағы жылдың 22-қаңтар күні жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен “Абайлаңыз балалар”республикалық акция негізінде он күндігінің жоспарына сәйкес М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Балалардың жол көлігінен зақымданудың алдын алу” тақырыбында 6-сынып білімалушылармен семинар тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін ажырата білуге үйрету, жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.
Семинар тренинг барысында жол оқиғасы туралы ведиороликтер көрсетіліп, жол белгілері туралы түсіндірме жасалып, топқа бөлінген білімалушылар өз ойларын постер арқылы қорғай біліп,жеткізе білді.
Қорытынды барысында “Өрмекші торы” жаттығуы жасалды.
Психолог Ш.Бекбергенова
Әлеуметтік педагог А.Жумаева