
”ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП”

М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Ең үздік сынып” мектепішілік байқауының жеңімпаз сыныбы анықталды. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында сыныптардың рейтингісі шығарылып, 8 “А” сыныбы “Ең үздік сынып” сертификатымен және 15 000 тг көлемінде қаржылай марапатталды.

Мектеп директоры Б. Мамырбаев оқушыларға оқу жылы барысында “Ең здік сынып” байқауы жалғасын табады деп, алдағы уақытта мектепішілік байқауларға белсене қатысу керектігін түсіндірді.
Сынып жетекшісі Қ.Әшімханұлы