іс-шара » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қаңтар
2025

іс-шара

М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінің 1-сынып білімалушылары сүйікті кітаптары Әліппемен қоштасты.
Мақсаты: әліппеден алған білімдерін көрсету, ана тілі оқулығымен танысу және жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу.
“Рахмет, саған, Әліппе” атты ертеңгілік жүргізушінің мәнерлі сәлемдесуінен басталды. 
Әліппеден мәңгілік,
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған, 
Құтты болсын тойларың! -  деп тақпақтата жүргізіп отырған, тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Зарымбек Мейрамбек көрермендерді өзіне қаратты.
Балаларды қуанышты мерекесімен құттықтаған  Оқу- ағарту миүистрі  Ғ. Бейсембаевтың  құттықтауы көрсетілді. (Жасанды интеллект)
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Ол сүйікті Әліппе! - дей отырып, әліппенің құттықтауы тыңдалды. (Жасанды интеллект)
Балалардың әліппеге арнаған тақпақтары айтылып, әндері шырқалды.
Әліппеден алған білімдерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берді.
Ойындар арқылы көрсетті.
Ана тілі қонаққа келіп, өзінің құттықтау сөзін жолдады.(Жасанды интеллект)
Балалар Ана тіліне тақпақтарын, әндерін арнады.
Әрине, білім берген, ой берген ұстаздар қауымына да ән арналды.
Ұлдар “Тұлпарым” әнін, “Құлыншақ “ күйін , қыздар “Черепашки” биін керемет орындады.
Соңына қарай мектеп директоры Б. Қ. Мамырбаев сөз сөйлеп, білімалушыларға білім алуда көп оқу керектігін айта келіп, Әліппені өте жақсы аяқтағандары үшін, Мақтау қағазын табыстады. Сыныптағы гимнаст  Абайдулла Рабия, Қызылорда қаласындағы жарыста 1-орынға ие болды. Мектеп директоры дипломын, медальын табыстай отырып, Рабияға жеке тілегін білдірді.
Әжелер жақсы тілектерін айтып, Әліппе тойына шашуларын шашты.
Балалардың мектептегі өмірінен “Мен - оқушымын” видеоролигі көрсетілді.
Соңында “ Рахмет, саған, әліппе!” әні орындалып, бимен аяқталды.
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден, - дей отырып, жүргізуші де ертеңгілікті аяқтады.
Сынып жетекшісі: А. К. Ембердиева.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив