27
желтоқсан
2024
Жаңа жылдық мерекесін тойлады.
М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінің 1-сынып оқушылары 25.12.24 ж. күні “Шырша тойы” атты Жаңа жылдық мерекесін тойлады.
Мерекені “Құлыншақ” күйімен бастады. Сыныптың барлық оқушылары домбыра, сылдырмақ, тұяқ, сыбызғы, сырнай аспаптарында ойнады.
Билер, әсем әндер орындалды. “Черепашки”, “Өзбек биі”, “ Түрлі түсті қолшатыр” билері, “Шырша тойы”, “Әкелерім” әндері орындалды.
Аяз ата мен Ақшақарға тақпақтарын айтып, сыйлықтарын алып, көңілді болды.
Ата-аналар балаларды әртүрлі ән-билеріне түрлі костюмдерін дайындады. “Жасыл шырша жанында” әнімен аяқталды.
Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарды білімалушы бойына дарыту.
1-сынып жетекшісі: Ембердиева А. К.
