03
желтоқсан
2024
іс-шара
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 2 күні Аудандық жастар ресурстық орталығынан бизнес-тренер Айжанат Малдыбайқызы келіп, білім алушыларға кәсіптік бағдар беру аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.«Серпін-2050» бағдарламасы аясында кеңінен мағлұматтар алды. Серпін бағдарламасының мақсаты-халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіпеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр. Педагог-кәсіптік бағдар беруші: Н Демеубаева
