15
қараша
2024
Аудандық семинар
Ағымдағы жылдың қараша айының 14 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Ақпараттық технологияның техникалық жүйелер элементтерін зерттейтін алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында қолданудың тиімді жолдары” тақырыбында 10“А” сынып білім алушыларымен аудандық семинар- практикум өтті.
Аудандық семинар - практикумге жалпы орта білім беретін аудан мектептерінен 28 алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты.
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Д. Есиркепов
ашық сабақ көрсетіп, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.


