Кітапхана » Страница 2 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ғасырдың дара перзенті» атты кітап көрмесі
11
қаңтар
2024
«Ғасырдың дара перзенті» атты кітап көрмесі
 11.01.2024 жылы Қазақ елінің біртуар азаматы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына – 112 жыл толуына орай «Ғасырдың дара перзенті» атты кітап көрмесі оқушылардың назарына ұсынылды. Кітапханашы Бейсекулова Алия Д.А.Қонаевтың 112 жылдық мерейтойына жасақталған «Ғасырдың дара перзенті» кітап көрмесімен таныстырып, ұлы тұлғаның өмірібаяны мен еліне сіңірген еңбегі туралы баяндады.  Кітапханашы: Бейсекулова А.
«Бірге ертегілер оқимыз» атты оқу сағаты өткізілді.
09
қаңтар
2024
«Бірге ертегілер оқимыз» атты оқу сағаты өткізілді.
09.01.2024 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Балалар кітапханасы» аясында «Бірге ертегілер оқимыз» атты оқу сағаты өткізілді. Мақсаты:   Оқушыларды  кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар – ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, оқырмандарды жаңа кітаптармен   және жаңа авторлармен
« Шерхан оқулары» атты мәнерлеп оқу кеші туралы
28
желтоқсан
2023
« Шерхан оқулары» атты мәнерлеп оқу кеші туралы
        28.12.2023 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ш е рхан оқулары» атты ауылдық мәдениет үйімен бірлескен мәнерлеп көркем сөз оқу байқауы өтті.   Байқау 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Жарыстың мақсаты ақынның өмірі мен өскен ортасын таныстыра отырып, шығармаларын оқыту, ақынның айтар ойын ашу, талдау. Болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ,оқыған кітаптарын талдай отырып,рухани тәлім-тәрбие беру. Кітапханшы: Бейсекулова А.А
20-минуттық кітап оқу сағатын ұйымдастырды.
21
желтоқсан
2023
20-минуттық кітап оқу сағатын ұйымдастырды.
Желтоқсан айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп оқушыларымен кітапханашы Бейсекулова Алия 20-минуттық кітап оқу сағатын ұйымдастырды.Оқу сағатының мақсаты:Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Кітапханашы:Бейсекулова А.
«Тәуелсіз Қазақстан біздің ең асыл,ең қымбат құндылығымыз!»
13
желтоқсан
2023
«Тәуелсіз Қазақстан біздің ең асыл,ең қымбат құндылығымыз!»
13.12.2023 жылы 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған «Тәуелсіз Қазақстан біздің ең асыл,ең қымбат құндылығымыз!» тақырыбында көрме өткізіліді.  Көрменің мақсаты:   Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы                                          ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, білім алушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апакелеріміздің ерлігін үлгі етіп көрсету. Кітапханашы: Бейсекулова А.
Мектепалды даярлық тобына ертегі оқу бойынша анықтама
28
қараша
2023
Мектепалды даярлық тобына ертегі оқу бойынша анықтама
Ертегі – бала тәрбиесінің ұлттық негізі саналады. Бала дүнетанымын қалыптастыруда жас­тайынан бойына сіңіріп, оны өскелең ұрпаққа насихаттау маңызды. Осы орайда 28.11.2023 жылы мектеп кітапханашысы Бейсекулова Алия мектепалды даярлық тобына ертегі оқу жұмыстарын жүргізді.  Мақсаты: Ертегі арқылы баланың санасын дамытуға, ақ пен қараны айыруға, жақсы мен жаманды түсінуге зор ықпалын тигізу.
Бастауыш сыныптарға «Кітапханаға  саяхат» жүргізілді.
22
қараша
2023
Бастауыш сыныптарға «Кітапханаға саяхат» жүргізілді.
Ағымдағы жылдың қараша айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Бейсекулова Алияның ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарға «Кітапханаға  саяхат» жүргізілді. Мақсаты: Балаларға кітапхана ережесі туралы түсінік беру.Сөздік қорларын,ойларын,жүйелі сөйлеу дағдыларын арттыру. Кітапханашы:Бейсекулова А.
«Теңге – мемлекеттің тірегі» деген тақырыпта   көрме жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.
15
қараша
2023
«Теңге – мемлекеттің тірегі» деген тақырыпта көрме жасалып,
15.11.2023 жылы 15 қараша -Ұлттық валюта, қаржы саласының қызметкерлері күніне «Теңге – мемлекеттің тірегі» деген тақырыпта   көрме жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырмандарды  ұлттық теңгенің шығу тарихы мен экономикаға әкелген жетістіктері туралы,   өз ұлттық теңгеміздің айналымға енуі туралы кең көлемде мағлұматтар беру мақсатында кітапханашы Бейсекулова Алия Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, мерзімді басылымдарда жарық көрген «Төл теңгеміз – Тәуелсіздік тірегі», «Тұғыры
«Рәміздерім-мақтанышым, елдігім» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
31
қазан
2023
«Рәміздерім-мақтанышым, елдігім» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
31.10.2023 жылы «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында онкүндік іс-шара аясында мектеп кітапханасында «Рәміздерім-мақтанышым, елдігім» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өзіміздің туып өскен жеріміздің нышандарының суретімен таныстыру. Кітапханашы; Бейсекулова А
«Ертегілер еліне саяхат» бастауыш сыныптар арасында ертегі кітаптарды оқу күні өткізілді.
01
қазан
2023
«Ертегілер еліне саяхат» бастауыш сыныптар арасында ертегі кітаптарды
        01.10.2023 жылы  мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ертегілер еліне саяхат» бастауыш сыныптар арасында ертегі кітаптарды оқу күні өткізілді.  «Әжемнің ертегілері», жинағы, «Қазақ ертегілері», «Андерсен еретгілері», «Алдар Көсе» хикаялары «Өнегелі ертегілер» желісі таныстырылды.  Оқушылар ертегі шығармаларды оқи отырып, елі мен жерін, салт-дәстүрін сүюге баулу. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын