«Ата заң-мемлекеттің басты тұғыры»
2023 жылы 30-тамыз Конституция күніне орай «Ата заң – мемлекеттің басты тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Конституция – Қазақстан Республикасының негізгі заңы болып табылады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум қабылданды.Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтық құрылымның жалпы принциптерін белгілейтін негізгі құжат. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Конститутция қабылданып болған соң 1995 жылы әлеуметтік құрылымды және қоғамдық өмірді өзгертуде, жаңа тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында, Қазақстан Республикасының заңнамасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қайта құру мен реформалардың терең дамуы анықталып жаңа Конституцияның қабылдануына алып келді. Жалпы Конституция 9 бөлім және 98 баптан тұрады.«Ата заң-мемлекеттің басты тұғыры» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан мемлекет және құқық тарихын, құқықтық жүйенің қалыптасуы мен заң саясатын, сондай–ақ, Қазақстан Консититуциясын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсететін әдебиеттер ұсынылған.
Кітапханашы: Бейсекулова А.А
