19
қаңтар
2024
«Білім кілті-кітапхана» атты кітапханаға саяхат
19.01.2024 жылы кітапханашы Бейсекулова Алияның ұйымдастыруымен “«Білім кілті- кітапхана», кітапханаға саяхат жасау” тақырыбында 1-сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды.
Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.
Кітапханашы: Бейсекулова А.А
