27
наурыз
2024
Кішкентай оқырмандармен бірге бас қосып кітапханаға саяхат жасадық.
Жыл бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында мектебімізде кішкентай оқырмандармен бірге бас қосып кітапханаға саяхат жасадық. 1-4 сыныптың оқушылары ертегі әдеби кітаптармен танысып, оқуға деген құштарлықтарын аттыра түсті.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушы, педагог, ұлт мақтанышы атанған тұлғалардың бірі. Қазақ елі үшін өзінің бар өмірін сарп етіп, болашаққа жол салған кісі. Осы кісінің арқасында біз сауат ашып, кітапты қолымызға алып, әріп тани бастадық. Осыған себепкер Ы.Алтынсарин атамыз деп балалар өз ойларын айтып кетті.
Кітапханашы: Бейсекулова А.
