15
желтоқсан
2021
"Қазақстан-ZAMAN" Сәуле Мешітбайқызы мен кездесу
"Қазақстан-ZAMAN" ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Сауле Мешітбайқызы мектебіміздің қонағы болды. Кездесуде Сәуле Мешітбайқызымен қазіргі заман талабы, Елбасымыздың жолдауымен жүзеге асырылып жатқан рухани жаңғыру, тіл мәселесі, ұлттық құндылықтар туралы әңгімелесіп, ерекше сезімге бөленіп, көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алғандай болдық. Ұстаздармен және болашақ жас түлектермен сұхбат жүргізіп білімге деген құлшыныстары жоғары болуына тілек білдірді. Сауле Мешітбайқызы алғашқы ұстаздық еңбек жолын осы М.Мәметова атындағы № 13 ЖОББ мектебінде бастағанын үлкен қуанышпен жеткізді.

