ақпарат
М. Мәметова атындағы #13 ЖОББ мектебінде 28 тамыз күні бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен танысып, оқу-тәрбие үдерісіндегі негізгі өзгерістер мен басым бағыттар талқыланды. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру, жасанды интеллект платформаларын білім беру барысында тиімді пайдалану, білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Ұсыныстар тыңдалды.