28
тамыз
2025
ақпарат
2025-2026 ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
28 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Кеңес мемлекет басшысы Қ.К.
Тоқаевтың тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің бейнеролик көрсетілімімен басталды.
Кеңестің мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруда бірыңғай көзқарас қалыптастыру және педагогикалық ұжымдардың жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерін айқындау.
Жиын барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
•әдістемелік-нұсқау хаттың түсіндірмесі;
•оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері;
•«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы;
•білім сапасын қамтамасыз ету;жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу;
•педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы;
2025-2026 оқу жылына арналған өндірістік және әдістемелік жоспарлар, жылдық жоспарлар бекітіліп, жаңа оқу жылының басым бағыттары нақтыланды.
Сонымен қатар, жиынға Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Көшербаев Даулет Арыстанбекұлы қатысты. Кеңестің ұйымдастырылу сапасы, күн тәртібі және қаралған мәселелердің өзектілігі сараланып, талдамалық жұмыстар жүргізілді.
2025-2026 оқу жылы – сапалы білім мен тәрбиенің, цифрлық мүмкіндіктер мен адамгершілік құндылықтардың үйлесімі болмақ!
https://www.facebook.com/share/v/1HCD2yVvMY/