Тәлімгер » Страница 2 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Қайырымдылық “ күні
15
наурыз
2024
“Қайырымдылық “ күні
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебіндегі  “Жас Ұлан”біріңғай ұйымының мүшелері  ағымдағы жылдың  15-наурыз күні Наурыз мерекесі аясында “Қайырымдылық “ күніне орай жалғызбасты аналардың отбасыларын аралап, мерекесімен құттықтап ,сый-сияпаттарын жасады. Ризашылығын білдірген қарт аналар өз алғыстары мен баталарын берді. Тәлімгер : А.Жумаева
“Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе  заман талабына сәйкес таңдау” тақырыбында тәрбие сағатты өтті.
14
наурыз
2024
“Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе заман талабына сәйкес таңдау”
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 күні   9 “А”, “Б” білім алушылары арасында “Мамандық таңдау жүрек қалауы немесе  заман талабына сәйкес таңдау” тақырыбында тәрбие сағатты өтті. Мақсаты:Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу. Сынып жетекшілері, Педагог- кәсіптік бағдар беруші: Н.Демеубаева  
“Әр саладағы мамандар иесі ”,
14
наурыз
2024
“Әр саладағы мамандар иесі ”,
М. Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың наурыз айының 14 күні Кәсіптік бағдар беру 10 күндік аясында 1-4 сынып білім алушылары арасында  “Әр саладағы мамандар иесі ”, “Білім ұясындағы мамандар” тақырыптарында білім ұясындағы түрлі маман иелеріне экскурциялық шолу жасалды. Сынып жетекшілер, Педагог -кәсіптік бағдар беруші: Н.Демеубаева
“Әлеуметтік желідегі жағымсыз ақпараттан сақтан”
12
наурыз
2024
“Әлеуметтік желідегі жағымсыз ақпараттан сақтан”
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 12-наурыз күні 7-8 сынып қыздарының арасында “Әлеуметтік желідегі жағымсыз ақпараттан сақтан” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мағлұматтар берілді. Мақсаты: Оқушылардың  интернет туралы толық ой қалыптастыру, жағымсыз ақпараттардан сақтану жолдарына түсіндірме жұмыстарын жасау, ғаламтор арқылы пайдалы ақпаратпен қатар, қауіп-қатерден сақтану жолдарына толық мағлұмат беру. Қыздар жетекшісі 
1-наурыз “Алғыс айту” күніне орай жас қырандықтар алғыстарын білдірді.
05
наурыз
2024
1-наурыз “Алғыс айту” күніне орай жас қырандықтар алғыстарын білдірді.
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-наурыз “Алғыс айту” күніне орай жас қырандықтар алғыстарын білдірді. Мақсаты: алғыс айту сөздерін сыйлау,үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсете отырып,мерекелік көңіл-күй сыйлау. Тәлімгер 
“Қыз тәрбиесі-анадан”атты тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
04
наурыз
2024
“Қыз тәрбиесі-анадан”атты тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылдың  ақпан айында М,Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін  мектебінде 10 “А”, “Б” сынып білім алушылары арасында “Қыз тәрбиесі-анадан”атты тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Әрбір жеке  тұлғаның, өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне  алуға үйрету, айналасындағылармен қарым-қатынас орнатуға жаңа мүмкіндіктер табу. Жеке тұлғаның рухани өсуіне тәрбиелік педагогикалық жағдай жасай отырып, өмірдің құндылығын ұғынуға тәрбиелеу. Мұғалім ата-ана оқушы
“Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар”
22
ақпан
2024
“Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар”
М.Мәметова атындағы #13жалпы орта білім беретін мектебінде 22-ақпан күні “Жас ұлан” біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген “Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар” атты 7-8-сыныптар арасында мектепішілік эстафеталық ойын өтті. Мақсаты: Салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, эстафеталық  ойынға қызығушылығын арттыру. Әділ қазылар алқасы сайланып,әр топтың жинаған ұпайлары бойынша қорытындысын шығарып, топтарды арнайы мадақтама қағаздарымен
“Ауғанның ақиқаты” атты  танымдық сағаты өткізілді.
15
ақпан
2024
“Ауғанның ақиқаты” атты танымдық сағаты өткізілді.
Ағымдағы жылдың  15-ақпан күні М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35-жыл толуына арналған 9-сыныптар арасында “Ауғанның ақиқаты” атты  танымдық сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы мәлімет беру, ардагер ағалардың ерлігін баяндау,өз Отанына шексіз берілген патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету.,патриоттық тәрбие беру.Танымдық сағат бойынша оқушылар “Ауғанстан “ әнін орындап, 8-а
“Қызды қырық үйден тыю”тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
13
ақпан
2024
“Қызды қырық үйден тыю”тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6-сыныптарының қыздарына сынып жетекшілер Б.Құлмағанбетова мен Г.Мұсақұлованың ұйымдастыруымен “Қызды қырық үйден тыю”тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте  ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, ар тазалығын   жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу. Қыздар мен
“Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы”
08
ақпан
2024
“Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы”
Ағымдағы жылдың ақпан айында М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Сәлемдесу-тәрбиенің бастауы” атты айлық акция аясында 8-9-сыныптар арасында  челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: сәлемдесу арқылы қоғамда өскелең ұрпақты    ізеттілікке,сыпайылыққа , тәрбиелікке,көркем мінезділікке тәрбиелеу. Тәлімгер