24
сәуір
2024
“Жігіт сұлтаны-2024” тақырыбында байқау өтті.
М.Мәметова атындағы #13 ЖОББ мектебінде “ЖасҰлан” біріңғай жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың сәуірдің 24-күні “Жігіт сұлтаны-2024” тақырыбында байқау өтті. Мақсаты: Елін,сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре отырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Бпцқау 5-бөлімнен тұрды.
1.”Тегімді менің сұрасаң”(таныстыру)
2. “Көңілі ояу,көзі ашық”(Сұрақ-жауап)
3. “Мақал-сөздің атасы”(жалғасын табу)
4. “Ата көрген оқ жонар”(өз өнерлерін көрсету”
5. “Күш атасын танымас”(спорт сайысы)
Әр бөлінген бөлімдер бойынша қатысқан сынып жігіттері өз өнерлері мен білімдерін көрсетіп, қызығушылық таныта отырып, белсенділік көрсетті. Әділ-қазылар алқасы қорытындылап, мадақтама гамоталарымен марапатталды. Бас жүлдені 9 “Б” сынып оқушысы Жолдасбек Асылжан жеңіп алды.
Тәлімгер 

