23
қаңтар
2024
«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық»
М.Мәметова атындағы # 13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қаңтар айында қазіргі кездегі баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс –тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату, ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, баланың білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа, тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету. Ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру, нығайту мақсатында 6-11 сынып білім алушыларының ата аналарымен «Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбында тренинг өткізілді.
