01
сәуір
2022
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы интернатта ата -аналар жиналысы өткізілді.
Сәуір айының 1 жұлдызы күні М.Мәметова атындағы№13 ЖОББМ директоры Боржуков Қанат, интернат меңгерушісі-Халықов Олжас, тәрбиешілер мен сынып жетекшілер бірлесе отырып, Қарасу, Беларық елді мекендерін аралап, ата-аналармен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі" атты баяндама оқылды, lll тоқсан қортындысымен таныстырылды. Болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім мен тәрбие алып жетілуіне мектеп басшылары мен тәрбиешілер, сынып жетекшілермен бірге ата-аналарға да үлкен жауапкершілік артылып отыр. Тәрбие жоқ жерде білім жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса, білім де соншалықты тереңде. Сондықтан баланың бойына адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеу керек. Баланың сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндет атқарып отырғаны айтылды. Бүгінгі бала-елдің болашағы.







