22
қаңтар
2024
"Тыйым салынған тағамдар" дөңгелек үстел
Оқушыларға тез дайындалатын тағамдарды, фаст-фудтарды, газдалған сусындарды тұтынудың адам ағзасына өте зиян әсерін тигізетінін түсіндіру , тұтынудан бас тартуға кеңес беру. Тыйым салынған тағамдардың адам ағзасына зиянды екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында медбике А.Тлеукулава 5-7 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға тез дайындалатын тағамдар,газдалған сусындар,чипсылар,фаст-фудтар адам ағзасына зиян әсерін тигізетінінтүсіндіріп, тиімді және үйлесімді тамақтануға, салауатты,әдепті өмір сүру салтын ұстануға кеңес берілді.
