Қаңтар айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қаңтар айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама
31
қаңтар
2022

Қаңтар айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу туралы анықтама

         М. Мәметова   атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебі

Қаңтар айында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  туралы


Анықтама 

         
        Қаңтар айында бракераждық комиисия мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдап және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалап отырады. Асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар.
Жеткізілген азық-түлік тауарларының сапасы мен сақталу мерзімі мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссияның құрамымен тексеріліп, комиссия құрамы сапасы, құрамы бұзылған азық-түлік тауарын анықтаған жоқ.
 Асхананың, аспазшылардың тазалығы үздіксіз комиссия құрамымен әр аптаның соңында тексеріліп, нәтижелері тексеру журналына тіркеліп, мониторинг жүргізіліп отырылады.Комиссия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай, ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын күнделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай күнделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркелген. Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұр. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады. 

Бракераж комиссия мүшелері тағам дайын болған соң 15 – 20 минуттан кейін, оқушылар тамақтанбастан   30 минут бұрын алынады. Бір порциялық   тағам арнайы арналған кұтыларға 1 тәулікке алынады. Тағам сапалы дайындалуын, (дәмі, түсі, иісі, қою, қоймалжын, сұйық) талапқа сай дайындалуын бақылап отырды. Сонымен қатар медбике бракераж журналына тіркеп отырды. Журналда тағамның атауы, дайындалған уақыты, бракераж жүргізілген уақыты, бағалау нәтижесі көрсетіледі. 

Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш, сабын,қол сүртетін қолсүлгі үнемі қолданыста тұрады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.




                                                        Әлеуметтік педагог: М.А.Ермуханова

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив