Оқушыларға » Страница 3 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиаданың 1 (мектепшілік) кезеңі өткізілді.
08
желтоқсан
2023
Республикалық олимпиаданың 1 (мектепшілік) кезеңі өткізілді.
2023 жылдың 8 желтоқсанында М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 7-8, 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың 1 (мектепшілік) кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: Мектеп оқушыларының білім деңгейін көтеру, пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларды олимпиадалар өткізу арқылы анықтап, олимпиадалық резерв топтарын қалыптастыру негізінде республикалық олимпиадаға дайындау.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері  
VI "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
07
желтоқсан
2023
VI "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
 2023 жылдың 7 желтоқсан күні  VI "Абайтану" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 "А"  сынып оқушысы Абдыкадыр Арзуми қатысты. Әділ-қазылардың шешімі бойынша жүлделі 2-орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.Жетекшісі - Каринбаева Сандуғаш.
"Бәрі АИТВ ЖИТС туралы"
05
желтоқсан
2023
"Бәрі АИТВ ЖИТС туралы"
М.Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінде "Бәрі АИТВ ЖИТС туралы" тақырыбында 9 «А»,«Б» сынып оқушылармен ашық сынып сағаты өткізілді.Мектеп медбикесі Т. Тілеуқұлова қатысып, қысқаша мәлімет берді.Сынып жетекшілері:Бекбергенова Ш,Тынаева Г.
VI "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
29
қараша
2023
VI "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
2023 жылдың 29 қараша күні  VI "Абайтану" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 "А"  сынып оқушысы Абдыкадыр Арзуми қатысты.  Жүлделі 1-орынға ие болып, облыстық кезеңге өтті. Жетекшісі - Каринбаева Сандуғаш  
«Ұлттық мектеп лигасы»
29
қараша
2023
«Ұлттық мектеп лигасы»
Ауданда өткен «Ұлттық мектеп лигасы»  бағдарламасы аясында Меркі ауданы 5-6 сынып оқушылары арасында «Футбол»  жарысында ІІ орын иеленген  қыздар құрама командасы, ІІ орын иеленген ұлдар құрама командасы марапатталады. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері.  \
АИТВ ЖИТС жұқтырудан сақ бол
15
қараша
2023
АИТВ ЖИТС жұқтырудан сақ бол
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде сіздің денсаулығыңыз -сіздің қолыңызда АИТВ ЖИТС жұқтырудан сақ бол тақырыбында  9 сынып   оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.СӨСҚО орталығының дәрігері Әдешова Х.Ж.Аудандық орталық емхана психолог маманы Омарова Ж қатысты.Оқушыларға кеңестер берілді.Сынып жетекшілер: Ш. Бекбергенова, Г. Тынаева
«ЖИТС- адамзатқа кауіпті қауіп»
13
қараша
2023
«ЖИТС- адамзатқа кауіпті қауіп»
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қараша айының 13-і күні «ЖИТС- адамзатқа кауіпті қауіп»  тақырыбында 10«А»,  10«Б»  сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге СӨСҚ орталығының дәрігері: Х. Әдешова, Аудандық орталық емханасының психологы: Ж. Омарова қатысты. Мақсаты: АИТВ инфекциясының алдын алу үшін қажетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Сынып жетекшілер Н. Демеубаева, Г. Есимова
Қысқа қашықтықта жүгіруден жүлделі орындар
30
қазан
2023
Қысқа қашықтықта жүгіруден жүлделі орындар
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тестілерінің Аудандық чемпионатында  қысқа қашықтыққа жүгіруден М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Сыдық  Інжу  30м ұзындыққа секіру 1орын, Ашімбай Нұрым 60м  1000метр кашыктыкка жугуру 1  жүлделі орындармен марапатталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері.  
"Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет"
30
қазан
2023
"Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет"
Меркі ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес 26.10.2023 ж  күні М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет"тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесуге АПБ КПБ бастығы полиция майоры Спанкулов Бақытжан Асқаралыұлы, Мектеп инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы, Ауылдық учаскелік инспекторы Тоқтағұлұлы Мақсат қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Заң және қылмыс туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Махамбет оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті.
27
қазан
2023
"Махамбет оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті.
2023 жылдың 24 қазан күні "Махамбет оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті.М.Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінің оқушылары қатысып,жүлделі орындағы ие болды.Атап айтсақ 10„А” сынып оқушысы Есеналы Өткір “"Ел құтқарар ер едім..." бағыты бойынша жүлделі 1-орынды иеленіп, облысқа өтсе,10„Б” сынып оқушысы Тоқтағұлова Арунай “Біз неткен ер,неткен ер” бағыты бойынша 3-орынды иеленді.Жеңімпаздарды құттықтаймыз!