“Қаныш Сәтпаев” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
М.Мәметова атындағы # 13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айының 22 күні 9 “Б” сынып білім алушылары арасында “Қаныш Сәтпаев” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, геолог, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтпаев жайлы мағлұмат беру. Тарих пәні мұғалімі: Бейсеналы Б