25
сәуір
2024
Интернат оқушыларын арнайы көлікпен тегін тасымалдайды.
М.Мәметова атындағы № 13 ЖОББ мектеп жанындағы интернат.
2023-2024 оқу жылында интернат оқушыларын арнайы көлікпен тегін тасымалдайды. Оқушыларды уақтылы тасымалдау үшін “Меркі жолаушы” автопаркі өз қызметін ұсынып отыр. Бөлініп отырған көліктің сапасы жақсы. Сыйымдылығы-18 орындық. Жүргізушілердің қызметке денсаулығының жарамды екенін мектеп медбикесі анықтап отырады. Балаларды тәрбиешілер жұма күні таратып, ата -аналарына табысталады. Жексенбі күндері жинап келеді.


