«Әдебиет- өмір айнасы»
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың ақпан айының 6 күні қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігінің апталығы аясында «Әдебиет- өмір айнасы» атты тақырыпта 5-7 сыныптар арасында Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, А. Құнанбаев шығармаларынан көрініс қойылды. Көріністі көре отырып, білім алушылар көркем мінезділік, мейірімділік, қанағатшылдық сияқты адам бойындағы ізгі қасиеттерді анықтап, сахналық қойылымнан мол тағылым, тәлім- тәрбие алды.