Іс-шаралар » Страница 19 » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
1 қазан-қарттар күніне акция ұйымдастырылды
12
қазан
2023
1 қазан-қарттар күніне акция ұйымдастырылды
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 1қазан-Қарттар күніне орай  қайырымдылық акциясы өтті. Мақсаты: Қоғамда өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастырып, қарттарға көмек беру. Жастық шағын  еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне үлесін қосқан  ата-әжелерімізге  құрмет көрсету.
Интернат оқушыларын тасымалдау
12
қазан
2023
Интернат оқушыларын тасымалдау
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебі жанындағы интернат ағымдағы оқу жылында да оқушыларды арнайы көлікпен тасымалдайды. Тасымалдау үшін " Меркі жолаушы" автопаркі өз қызметін ұсынып отыр. Бөлініп отырған көліктің сапасы жақсы. Сыйымдылығы-18 орындық. Оқушыларды тәрбиешілер жұма күні ата-аналарына табыстап, жексенбі күні жинап келеді.
Кітапқа деген құрмет интернат оқушылары
25
қыркүйек
2023
Кітапқа деген құрмет интернат оқушылары
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББМ жанындағы интернат оқушылары кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, кітапқа деген құштарлығын ояту мақсатында кітап кез келген тұлғаны дамытулың қайнар көзі  екенін түсіну, ұғыну үшін мектеп кітапханасына тәрбиешілерінің жетекшілігімен үнемі келіп, әдеби кітаптар оқып, бос уақытын тиімді өткізеді.
Кәсіптік бағдар беру мақсатында сауалнама
20
қыркүйек
2023
Кәсіптік бағдар беру мақсатында сауалнама
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 20 күні  Кәсіптік бағдар беру  мақсатында 9-11сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Педагог-кәсәптік бағдар беруші: Н. Демеубаева
Мектеп президентін сайлау
20
қыркүйек
2023
Мектеп президентін сайлау
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19-ы күні  жоспарға сай   Мектеп президенті сайлауы өтті.  9-10 сынып оқушылары арасынан  4 үміткер бағдарламасын жасап, презентация арқылы қорғап шықты. Нәтижесінде 10сынып оқушысы Тоқтағұлова  Арунай  мектеп президенті болып сайланды.
Ұлдар жиналысы
20
қыркүйек
2023
Ұлдар жиналысы
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың  қыркүйек айының 18-і күні  ұлдар жиналысы  өтті.  Қаралған мәселелер  1. Мектептің ішкі тәртібіне бағыну.  2. Әлімжеттіке жол бермеу.  3.Нашақорлыққа жол жоқ. 4. Күндізгі және түңгі рейд туралы түсік беру.  5. Ұлдар ішкі әжетхана туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Жас таланттармен жұмыс" іріктеу кезеңі
18
қыркүйек
2023
"Жас таланттармен жұмыс" іріктеу кезеңі
М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінде  Оқу- ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы  негізінде 18 қыркүйек күні «Жас таланттармен жұмыс» тақырыбында іріктеу кезеңі бойынша жұмыс жүргізілді. Музыка пәні мұғалімі: Г. Мәнкеева
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
15
қыркүйек
2023
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде  Меркі ауданы әкімінің 2023жылғы 2 тамызындағы №35 хаттамасына және аталған жылдың 24 тамыздағы  №305 қаулысының 4 тармағына сәйкес 16 қыркүйек күні «Дүниежүзілік тазалық күні»  күні акциясы ұйымдастырылды.
"Үлгілі үйдің қыздары" қыздар жиналысы
14
қыркүйек
2023
"Үлгілі үйдің қыздары" қыздар жиналысы
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде «Үлгілі үйдің қыздары»  тақырыбында 8-10сынып оқушылары арасында қыздар жиналысы өтті. Мақсаты:қыздарға  ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп,тәрбиелі,білімді өнерлі болып өсуге. Жеке  бас  гигиенасын   дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету.Мектеп медбикесі Т. Тілеуқұлова  жеке бас гигиенасы туралы кеңестер беріп, әр-түрлі мәселелерге тоқталып өтті.«Қыз жібек»  қыздар клубының жетекшісі: Ш. Бекбергенова
"Бізді ақылды ететін кітап -дана" кітаптар керуені
14
қыркүйек
2023
"Бізді ақылды ететін кітап -дана" кітаптар керуені
М. Мәметова атындағы №13ЖОББ мектебінде  Оқу- ағарту министрлігінің ұсынысымен Республика бойынша «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның тұжырымдамасы  негізінде «Бізді ақылды ететін кітап-дана»  кітаптар керуені өткізілді.