«Атадан мұра» атты концерті өтті. » СШ№13 им. Маметовой
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеб»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (747) 618-61-71
Есепші бөлімі:
+7 (747) 618-61-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Атадан мұра» атты концерті өтті.
28
сәуір
2024

«Атадан мұра» атты концерті өтті.

Өнерлі ұлдан- өнегелі тарту. 
Сәуірдің 28-і күні М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде Тәтті ауылының тумасы, күйші «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, дипломат Мұрагер Сауранбаевтың атасы ҰОС ардагері, ұлағатты ұстаз, мектептің алғашқы директоры болған Абайдулла Сауранбаевтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Атадан мұра» атты концерті өтті. 
Концертке Парижден арнайы шақырылған танымал әнші Д. Дассен жеке ән шашуымен қоса Мұрагер Сауранбаевтың бірлесіп домбырамен сүйемелдеуінде француз әндерін көпшілікке тарту етті. Қызыл құмның ішінде Париж төрінен келген қонақты қазақтың қара домалақ баласының қара домбырада күмбірлеген әуеніне елітіп салған әні көрермен көңілінен шықты. 
Кеш жүргізушісі Ерлан Әбдірұлының таныстырылымы, Жамбыл облыстық филармонияның әншісі Азамат Әлмеректің, ауылдың «Ақ кербез» әжелер ансамблінің, мектеп мұғалімдерінің орындауындағы халық әндері, оқушылардан құралған «Домбыра дастан» ұлт аспаптар ансамблінің күмбірлетіп тартқан күйлері- бәрі бәрі тыңдарманға тамаша көңіл күй сыйлады. 
Тағылымы мол кеште ауыл ақсақалы Б. Айнақұлов Мұрагер Сауранбаевқа арнау арнады.
Кеш соңында Сауранбаевтар атынан үздік математик оқушыға 200 000 теңге көлемінде А. Сауранбаев атындағы стипендия тағайындап, мектеп оқушыларына домбыра, мектеп кітапханасына бағалы кітаптар тарту етті.А. Сауранбаев сабақ берген математика кабинетін жаңа үлгіде безендіріп берді. 
Тәттінің тарлан ұлының  туған жеріне деген рухани тартуы ауылдастарын бір қуантып тастады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив