14
наурыз
2024
Көрісу күніне орай 1 “А” сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өтті.
М.Мәметова атындағы #13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың наурыз айының 14 күні Көрісу күніне орай 1 “Б” сынып білім алушыларымен тәрбие сағаты өтті. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып, көрісіп шығады. Кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққақ жөн. Сынып жетекші: З.Құттыбаева
