21
ақпан
2024
«Жұлдызды жұп» атты байқауы 5-10 сынып білім алушыларымен және сынып жетекшілерімен ұйымдастырылды.
Ақпан айының 21 күні М. Мәметова атындағы № 13 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жұлдызды жұп» атты байқауы 5-10 сынып білім алушыларымен және сынып жетекшілерімен ұйымдастырылды. Байқауда білім алушылар М. Мақатаевтың, Қ. Сариннің, М.Шахановтың, Ш. Сариевтың сөздеріне жазылған әндерді орындады. Мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыс орнату, бірлікке, ұйымдастырушылыққа , патриоттыққа, өнерді бағалай білуге тәрбиелеу. Ерекше көзге түскен білім алушылар мен сынып жетекшілер арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бірлестігі.

