29
қаңтар
2024
«Қоршаған орта және өміршеңдікті дамыту»
Тақырыбы: «Қоршаған орта және өміршеңдікті дамыту»
Мақсаты: сыныптағы командалық жұмысты нығайтуда әр баланың орынын айқындау, балалардың күшті жақтарын дамыту және жоба жұмысы арқылы бірлік, татулық құндылықтарына баулу
Сабақ барысында: «Қарындаштар» жаттығуы орындау арқылы сыныптағы командалық жұмысты нығайтуда әр баланың бірлесе жұмыс істеу дағдысы қалыптасады, толық орындаған жұп жеңеді. Оқушылар сұрақтар арқылы жоба жұмысы бойынша 1-кезең тәжірибелерімен бөлісе алды. «Досымның мықты қасиеттері» жаттығуын орындау кезінде оқушылар достарының қасиеттерін стикер арқылы жазды.
Оқушыларға «5 саусақ» әдісі бойынша рефлексия жүргізілді.
Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазды.
