29
қаңтар
2024
«Жүректеріміздің мозаикасы» тақырыбында сынып сағаты өтті.
М.Мәметова атындағы атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде 3"А" сыныбының «Жүректеріміздің мозаикасы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылар арасындағы айырмашылықтарды оң қабылдауға жағдай жасау. Сабақта сөзсіз сәлемдесу әдісі арқылы оқушылармен амандасып, «Соншалық әртүрлі және өте ұқсас!» әдісімен қыздыру жаттығуы жасалды. Сабақта "Біздің сынып", "Сиқырлы саябақ" ойыны ойнатылды.«Мен қуаныштымын... Маған ұнайды...» жаттығуы
арқылы сабақты қорытындыладық. Мұғалім балаларды сөз тіркестерін аяқтауға шақырады: «Мен басқалар сияқты ... екеніме қуаныштымын. Маған ... басқалардан ерекшеленетінім ұнайды».