19
желтоқсан
2023
«Зиянды заттардың зардабы»,
М. Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 19 күні «Зиянды заттардың зардабы», «Пиротехникалық заттардың зардабы», «Пиротехникалық заттардың қауіптілігі», «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыптарында 1-11 сынып білім алушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға тиісті құжаты жоқ, сараптамадан өтпеген жарылғыш отшашулардан аулақ болуға, отшашу кезінде болатын төтенше жағдайлардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. ДТЖО: Ө. Дәлібаев








