12
қазан
2023
"Ұстаздық -ұлы қызмет" іс-шара
Мектебімізде ағымдағы жылдың қазан айының 5күні Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаздық -ұлы қызмет» тақырыбында іс-шара өтті.
М. Мәметова атындағы №13 ЖОББ мектебінде 30 жылға жуық басқарған білікті басшы, білімді мұғалім атанған Қырықбай Мамырбайұлымен кездесу өтті. Аудандық БАҚ өкілдері де атсалысқан іс-шарада Қырықбай Мамырбайұлының өміріндегі елеулі еңбегі, кәсіби шыңдалу кезеңдері мен биіктікті бағындырған қызықты да тағылымды ғұмыры жайлы көптеген естеліктер айтылды. Мұғалімдер отбасының көшбасшысына айналған ардагер-ұстаздың өзі қызмет еткен алтын ұя мектебінің шәкірттеріне айтқан үлгі-насихаты, қариялық батасы да әр оқушының көңілінен шыға білді. Іс-шара 11-сынып оқушыларының зейнеткер ұстаздарына деген ыстық ықыласпен ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Ұстаздар мерекесі құтты болсын
