"Балалардың жолдағы қауіпсіздігі"
Мектепте 2023 жылдың 4 сәуір күні мектепішілік ата-аналар жиналысы жасалып, ата-аналарға «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама таратылды. 25 сәуір күні мектеп инспекторы Меркі АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ –ның инспекторы полиция майоры М. Тоқтағұлұлы және ДТЖО Ө. Дәлібаев «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» «Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз жол» тақырыбында 6-8 сынып оқушыларына бейнероликтер көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысы барысында мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында оқушыларға жолда жүру ережелері таныстырылып, жол қауіпсіздігін сақтау керектігі айтылды. Сондай-ақ көшеде жүру тәртібін дұрыс орындамау қауіпті жағдайдың туындауына алып келуі мүмкін екендігін, көшеден өткенде арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс екені айтылды. Жолда келе жатып көрінген машинаны байқасаң өткізіп жіберу керектігі және көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өту қажеттілігі түсіндірілді. Мектепке келе жатқанда үлкен жолдан едәуір қашықта жүру керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Сонымен қатар қазіргі кезде кәмелеттік жасқа жолмаған жасөспірімдердің көлік айдауы жиілеп кеткендігі туралы, жүргізуші көлігі жоқ адамның көлік басқаруға болмайтындығы , көлікте отырып ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынғандығы туралы түсіндірді.




