21
ақпан
2023
«Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында кездесу
21 ақпан күні мектеп директоры К.А.Боржуков пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ө.Ж.Далибаев «Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Кездесу барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақ – жауап бойынша пікір – талас туындап, өз ойларымен бөлісті.

