10
маусым
2022
«Бәріміз бірге» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Мектеп жанындағы «Балауса » лагерінде балалар уақытын қызықты өткізуде. Бүгінгі жоспарға сәйкес лагерь қатысушылары таңғы сергіту жаттығудан кейін, мектеп психологы «Бәріміз бірге» атты психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ «Робот техникасы курсына кіріспе» STEM лаборатория кабинетінде өткен сабаққа қатысты. Тәрлімгер кеше ғана өткен рәміздер күніне байланысты викториналық сұрақтар қойып, тапқырлықпен сұрақтарға жауап берген оқушыларға тәтті таратылды. Осыдан соң балалар музыка сабағына барып, би билеп, ән айтып тарады.
