05
мамыр
2022
"Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан" тренинг
«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан» тақырыбында қыздар арасында тренинг өткізілді.
Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тренинг барысында қыздар бір бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Сонымен қатар қыз тәрбиесіне байланысты түрлі кеңестер айтылды.


