03
қараша
2025
ақпарат
Ағымдағы жылдың 03 қараша күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 4”Б” сыныбында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие және қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар адалдық, еңбекқорлық, әділдік туралы өз ойларымен бөлісті. Мақал-мәтелдер, өмірлік мысалдар айтылып, адал азамат болудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелері талқыланып, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау,айналадағы адамдарға қамқор болу туралы әңгіме жүргізілді.Нәтиже:
Оқушылар адалдық пен жауапкершіліктің адам өміріндегі мәнін түсінді, жақсы қасиеттерді бойларына сіңірудің маңызын ұқты. Сабақ өз мақсатына жетті.
Сынып жетекші: Г. Таутай