
М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Салауатты өмір салты- басты құндылығымыз» тақырыбында 7-8 сынып білім алушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың қандай маңызды екенін, аурудың алғашқы белгілері, оның пайда болу факторлары туралы түсіндіру, ауырмаудың алдын алу жолдарын насихаттау, сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір салтын ұстанудағы азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру.

Түсіндірме жұмысы барысында зиянды заттарды қолдануды болдырмау,салауатты өмір-салты қағидаларын мүмкіндігінше берік ұстану обырдан бөлек, кез келген басқа да аурулардың алдын алуға болатындығы туралы түсіндіріліп айтылды.
Мектеп медбикесі: Нұрбай Н