
Ағымдағы жылдың қазан айының 16 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінде Меркі аудандық полиция басқармасымен бірлескен құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбиені күшейту тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті.
Жиынға арнайы Меркі АПБ- нің ЖПҚ УПИ, инспекторы М.Тоқтағұлұлы қатысып, оқушыларға маңызды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыста қаралған негізгі мәселелер:

Құқықтық сауаттылықты арттыру

«Нашақорлық», «буллинг», «лудомания, жыныстық тиіспеушілік» тақырыптары

Тыйым салынған заттардың алдын алу

Құқық бұзушылық әрекетіне бейім оқушыларды анықтау

Оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, өмірлік мысалдар арқылы заң бұзушылықтың салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-аналармен, педагогтармен бірлесе әрекет етудің маңыздылығы атап өтілді.

Мектеп әкімшілігі алдағы уақытта да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыратын болады.