23
қыркүйек
2025
Ақпарат
Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
«Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын»* жүзеге асыру бойынша Даналық мектебінің аталар мектебі қауымдастығының жұмысы аясында №13 М.Мәметова атындағы орта мектебінде *«Бабалар дәстүрі – ұрпаққа өсиет»* атты ұлттық өнерді дәріптеу сабағы өткізілді.
*Мақсаты*: білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Сабақ барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан салт – дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен таныстырылды. Білім алушыларға қариямыз ас батасын, сапар батасын және өскелең ұрпаққа арналған ақ батасын үйретті. Сабаққа 10 «А» сынып оқушылары қатысты.
«Аталар мектебі» қауымдастығының жетекшісі: Б. Бейсеналы