
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 18 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу” мақсатында 8-11 сынып білім алушылары арасында сауалнама алынды.

Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың себептерін анықтау және олардың алдын алу жолдарын қарастыру.

Құқық бұзушылықтың негізгі себептері ретінде бос уақытты тиімді пайдаланбау, ата-анамен жеткілікті қарым-қатынастың болмауы аталды.