
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 12 күні М.Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде “Буллингтен қорғану – бәріміздің міндетіміз! “ тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚ УПИ инспектеры М.Тоқтағұлұлы келіп оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Оқушыларға буллингтің зияны, заң алдындағы жауапкершілік және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы түсіндіру

Әр бала қауіпсіз ортада білім алуға құқылы.

Буллинг – тек қана әдепсіздік емес, ол заңға қайшы әрекет.

Егер өзіңе немесе өзгеге қысым көрсетілгенін байқасаң – ата-анаңа, мұғалімге немесе құқық қорғау органдарына хабарлас. ДҚТЖО:Демеубаева Н