21
маусым
2025
ақпарат

2025 жылғы 18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
Байқауға Жамбыл облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі диплом және алтын медалін - 3 оқушы, II дәрежелі диплом және күміс медалін - 2 оқушы иеленді. Сонымен қатар, І орын жеңімпаздарына қаржылай сертификаттар және ІІ орын жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ:
ТОҚТАҒУЛОВА АРУНАЙ - Меркі ауданы, Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, «СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ» Абай туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасау номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!
