16
маусым
2025
ақпарат
Ағымдағы жылдың 16 маусым күні. М.Мәметова атындағы №13 жалпы білім беретін мектебінің “Балауса” сауықтыру лагерінде
бүгінгі күн “Жас санитарлар күні” ретінде өтті. Бұл күні оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарымен танысып, тазалық пен жеке бас гигиенасының маңыздылығы жайлы пайдалы ақпарат алды.
Сондай-ақ, «Кітап оқи аласың ба?» атты кітап оқу сағаты ұйымдастырылып, балалар өздері таңдаған шығармалардан үзінділер оқып, кітап әлеміне саяхат жасады.
Техникалық бағыттағы “Моторлар және датчиктер” танымдық сабағында балалар қарапайым моторлардың жұмыс істеу принципін және датчиктердің қалай қолданылатынын білді.
Күн соңында “Көңілді ойындар” ұйымдастырылып, балалар әртүрлі қимыл-қозғалысқа негізделген жарыстарға қатысып, белсенді демалып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатып үйлеріне жақсы көңілмен қайтты.
Аға тәрбиеші: Г.Таутай
